Елордадағы православ христиандары Пасха мерекесін ерекше атап өтті
Астанадағы православ христиандары Пасха мейрамын тойлады, деп хабарлайды 24kz.
Дәмді куличтер мен түрлі-түске боялған жұмыртқалар мереке сәні екені даусыз. Бүгін мұсылман қауым да шіркеулер маңынан табылды. Олар жиналған жұртқа ыстық бауырсақ таратты. «Бұл ықылас елімізде жарасым тапқан бірліктің нышаны», - деді көпшілік.
Елордадағы православ христиандары Пасха мерекесін ерекше атап өтті. Түннен бері шіркеулерге ағылған халықтың қарасы қалың. Тиісті діни жоралғыларға қатысып, дәмнен ауыз тиюге асыққандар арасында жас та жасамыс та жүр. Дәм демекші, діні мен ділі бөлек, бірақ пейілі ортақ жандар да осы ортадан табылды. Ыстық бауырсақ таратқан қазақ бауырларына православ христиандарының алғысы шексіз.
Блиц 1:
- Бәріңізді мерекемен құттықтаймын. Мол бақыт, зор денсаулық тілеймін. Бүгін достарымыз бізге бауырсақ сыйлады, біз жұмыртқа тарту еттік. Мен осындай достығы жарасқан елде тұрып жатқаныма қуаныштымын.
Бұл іс-шара еліміздегі ұлтаралық ынтымақтың айқын көрінісі іспетті. Тілі мен түрі басқа болғанымен, тілеуі бір қазақстандықтар ауызбірлікте, татулықта өмір сүріп жатыр. «Мұны ұрпақ жадына сіңіру маңызды», - дейді жиналғандар.
Диана Сейітқалиева, қала тұрғыны:
- Бүгін еліміздегі православ христиандарының игі мерекесі. Біз барлығын құттықтаймыз. Тек жақсылық тілейміз. Дініміз басқа болса да, діліміз бөлек болса да, еліміздегі ауызбіршілікті, достық пейілді балаларымыздың бойына сіңіргіміз келеді. Сол себепті, бүгін осы жерге арнайы келдік. Бауырсақ, бәліш пісіріп әкелдік. Елімізде әрқашан бірлік болсын.
Пасха – христиан әлеміндегі ең маңызды діни мейрам. Ал мұсылмандардың басты мерекесі – Құрбан айт 6 маусымда басталатынын еске саламыз.
Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Марат Дихамбаев