Жеке сот орындаушылардың жұмысына қатысты шағым 2 есе өсті

с

Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Шағымдардың көбі жеке сот орындаушылардың алиментті уақытылы өндірмеуі, істі ашық жүргізбеуіне байланысты болған. Депутаттар сол себепті жеке сот орындаушылары үшін жауапкершілікті қатаңдатуды ұсынды. «Қажет болса, лицензиядан айыру керек», – дейді. Сонымен қатар олардың жұмысына ақы төлеу жүйесін қайта қарау да ұсынылды.

Ерлан Сәрсембаев, ҚР Әділет министрі:

Бүгінгі күні тәртіптік жауапкершілікке тарту жеке сот орындаушыға қандай да бір салдары болмауына байланысты олардың жауапкершілігін арттыру мәселесі. Уәкілетті органға жүгінусіз, тікелей жеке сот орындаушыға өтініш жолдауға бағытталған атқарушылық іс жүргізудің ақпараттық жүйесін «Е-өтініш» жүйесімен интеграциялау мүмкіндігін беру мәселесі пысықталып жатыр. Осылайша ақпараттық жүйе платформасында цифрлық көмекшінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, азаматтар сот орындаушысының жұмысындағы бұзушылықтарды өз бетінше көріп, оларға шағымдана алады.