Қазақстанда жеке сот орындаушылар саны азайып барады
Қазақстанда жеке сот орындаушылар саны жылдан-жылға азайып келеді, деп хабарлайды 24KZ. Мәселен, 2020 жылы 2400 сот орындаушы болса, бүгінде салада тек 2100 маман тіркелген. «Басты себеп бұл жұмыс тиімсіз», – дейді республикалық жеке сот орындаушылар палатасының өкілі Ғалымбек Смағұлов. Елде банкроттық туралы заң енгізіліп, құжаттамалар цифрландырылды. Көптеген қызмет автоматтандырылды. Соның нәтижесінде сот орындаушылардың жұмысы тиімсіз болып кеткен.
Айта кетейік, былтыр Әділет министрлігі мемлекет пайдасына 28 млрд теңге өндірді. Бұл негізінен әкімшілік айыппұлдар, тендерлерге қатысты және салықтық заңбұзушылықтарға қатысты істерден түскен қаражат.
Ғалымбек Смағұлов, ҚР Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы төрағасының орынбасары:
- Робот дегенді енгізіп жатыр Әділет министрлігі. Оңай орындалатын әкімшілік айыппұлдар бірінші сол роботқа түседі. Бір ай бойы сол роботта орындалады. Орындалмаған жағдайда ғана жеке сот орындалушыларына түседі. Олардың ақысы өндірілген сомадан пайыз алынады. Мысалы 3%-25% дейін. Бірақ сома жоғарылаған сайын пайыз төмендейді. Мысалы, 10-20 мың теңге өндірсе, ол жерде 20-25% ұсталуы мүмкін. Ал үлкен миллиондардан көбінесе 3%.