Руслан Берденовке операция сәтті жасалды
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке 4 сағат операция жасалды.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ота сәтті өтті, өміріне қауіп жоқ. Ол үш жерден жарақат алып, көп қан жоғалтқан. Жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланды. Еске сала кетсек, кеше 20:30 шамасында әкімдік ғимаратының алдында оған атыс қаруынан бірнеше рет оқ атылған. Күдікті сол жерде ұсталып, қамауға алынды. Полицейлер қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.