Қазақстанда туристерге арналған TravelStan бірегей қосымшасы іске қосылды

Елде туризм саласының бірқатар қызметтерін біріктіретін TravelStan қосымшасы жыл соңына дейін іске қосылады, деп хабарлайды 24kz.

Жасанды интеллектіге негізделген цифрлық платформа туристерге қонақүйді брондауға, билеттерді сатып алуға, гидтер мен маршруттарды табуға, такси шақыруға көмектеседі. Алматыда бас қосқан сала мамандары туризмді технологиялар арқылы дамыту жайын талқылады. Туристтің сапары елге келместен бұрын басталады. Яғни, ақпарат алады, түрлі брондау қызметтерін іздейді. «Бұл ретте цифрлық платформалар таптырмас шешім», - дейді мамандар. Әзірге елдің төрт қаласындағы әуежайда такси, электронды СИМ-карта, қонақүй брондау, тіркелу қызметтері жинақталған туристерге арналған QR-код жүйесі енгізіліп жатыр.

Даниел Сержанұлы, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- Былтыр мысалы бізге 15 миллион шетелдік келді. Оның 10 миллионы бізде турист ретінде елімізде қалып, бір күннен артық уақыт өткізген. Бірақ оның қонақүйде қалғандары 16% ғана. Қалғандары пәтерлерде, басқа орналастыру орындарынада қалған. Осылардың жүйелерді енгізу арқылы біз туристеріміздің цифрлық портретін көретін боламыз.