Руслан Берденов оқ жарақатынан кейін есін жиды

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов оқ жарақатынан кейін есін жиды, деп хабарлайды 24kz.

Ол көп қан жоғалтып, төрт сағатқа созылған ауыр операциядан соң жансақтау бөлімінен шыққан. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оның қазіргі жағдайы ауыр, бірақ тұрақты.

Еске салсақ, кеше кешкі сағат 20:30 шамасында әкімдік ғимаратының алдында Берденовке белгісіз біреу бірнеше рет оқ атқан. Күдікті оқиға орнында ұсталып, қамауға алынды. Қазір оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Оқиғаға байланысты әлеуметтік желілер мен ақпарат құралдарында түрлі болжамдар айтылуда. Алайда, әзірге ресми органдар тарапынан нақты түсініктеме берілген жоқ.

Бақытжан Абдуллаев, қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Шымкент қаласы әкімінің орынбасары оқ жарақатымен ауруханаға жеткізіліп, шұғыл түрде ота жасалды. Ота барысында қан тоқтатылып, алған жарақатынан келген зақымдар қалпына келтірілді. Қазіргі таңда өміріне ешқандай қауіп жоқ.