Шекарашылар Түркістан облысында тәжірибе алмасты
Түркістан облысында шекара қорғауда ультрақысқа толқынды сандық радиостанцияның мүмкіндігі кеңінен пайдаланылады, деп хабарлайды 24kz
Шекарашылар бір жыл ішінде байланыс құралы көмегімен 19 заңбұзушылықты анықтады. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жүйені елдің барлық шекаралық аймағында іске қосуды жоспарлайды. Осыған орай Сарыағаш ауданында байланыс мамандарының оқу-жаттығу жиыны өтті. Оған 15 өңірдің шекарашылары қатысты.
Ерлан Есмұратов, ҚР ҰҚК ШҚ Төлеби аудандық шекара басқармасының бөлімше бастығы:
- Жиынның мақсаты – байланысты тұрақты ұйымдастыру және заманауи байланысты орнату. Шекара қызметіне жаңадан байланыс құралдары келуде. Соған байланысты қосымша арнайы сабақтар, дайындық сабақтары өткізілуде. Біз өзіміздің біліктілігімізді арттырып, шекара бөлімшесіндегі бағынышты сержант құрамдарына осы алған білімімізді жеткіземіз.