Атом энергетикасы ғылым мен білімнің дамуына жол ашады – сарапшылар
Атом энергетикасының дамуы – отандық ғылым мен білім салаларын жаңа деңгейге көтеретін маңызды қадам.
Бұл туралы Алматыдағы Ядролық физика институтында өткен алқалы жиын барысында айтылды.
«Салада жүзеге асырылатын жобалар ашықтық пен жариялылық қағидаттарына негізделуі тиіс», - дейді сарапшылар. Бүгінде Ядролық физика институтының базасында зерттеу реакторы, критикалық стенд, түрлі типтегі үдет-кіштер жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ Халықаралық атом энергиясы агенттігінің қолдауымен оқу орталықтары іске қосылған. Жиын барысында институт базасында ядролық кластер құру тұжырымдамасы таныстырылды. Ол іргелі және қолданбалы ядролық ғылымды, заманауи технологияларды және жоғары білікті кадрлар даярлау жүйесін біріктірмек. Негізгі мақсат – елдегі атом энергетикасын тиімді дамытуға негіз қалау. Кездесу аясында экологиялық қауіпсіздік, тарифтік саясат, сондай-ақ төмен көміртекті энергетикаға көшу мәселелері де кеңінен талқыланды.
Саябек Сахиев, «Ядролық физика институты» РМК директоры:
- Қазақстанда екі-ақ нәрсе жоқ, уранды байыту жоқ, екіншісі атом электр станциясын салу тәжірибесі ғана жоқ. Қалғаны бар. Атом электр стнациясынан қорқатын қалдықтары ғой бәленбай жыл сәулеленіп жатады деген. Ол ақпарат рас. Бірақ оны сақтауды біріншіден үйрендік. Екіншіден, оның ішінде қалған уранды қалған басқа да радиоизотоптарды болашақта шексіз ұзақ рет пайдалана беруге сондай технологияларды қарастырып жатырмыз.