Әскери полиция қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтті

Әскери полиция қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтті, деп хабарлайды 24KZ. Салтанатты жиында ардагерлерді Әскери полиция бас басқармасының бастығы полковник Руслан Құлымбетов құттықтады. 

Биыл кәсіби мереке Жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге дайындықпен тұспа-тұс келді. Сондықтан қазір әскери полицияның құрама жасағы өздеріне жүктелген кәсіби міндеттерін орындайды. Басқарма басшысы Жеңіс парадына жалпы 300-ден аса әскери полиция қызметкері қатысатынын атап өтті. Олар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар салтанатты есептоп құрамында да адымдап өтеді.