Алматыда Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңімпаздар балы» өтті
Алматыда Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагерлеріне арналған дәстүрлі «Жеңімпаздар балы» өтті, деп хабарлайды 24KZ. Бұл Екінші дүниежүзілік соғыстың батырларына құрмет көрсету мақсатында жыл сайын ұйымдастырылатын тағылымды шара.
Іс-шараға соғыс ардагерлерімен қатар тылда еңбек еткен қарттар да шақырылды. Олар үшін бұл күн – тек мереке емес, жүрекке жазылған сағыныш пен құрметтің көрінісі. Эстрада әншілері мен Алматы гарнизонының оркестрі соғыс жылдарындағы әйгілі әндерді орындап, кеш көрігін қыздырды. Дәстүрлі шараға Қарулы Күштер мен Шекара қызметінің офицерлері, сондай-ақ қоғам белсенділері қатысты.
Тамара Максимова, соғыс ардагері:
- Бүгін бір ұмытылмас күн болды. Барлықтарыңызды Жеңістің 80 жылдығымен құттықтаймын! Осындай тамаша кешті ұйымдастырған азаматтарға алғысым шексіз.