Құрманғазы ауданында 76 шақырым жол жөнделеді

Биыл Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы 12 елді мекеннің жолы жаңартылады. Бұл аймақта жалпы ұзындығы 76 шақырымнан астам жол жөндеуден өтеді.

Қазіргі уақытта 7 ауылда құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Атырау-Астрахан халықаралық автомагистраліне жақын орналасқан ауылдар үшін бұл жолдардың маңызы зор. Жоба толық аяқталғанда әр ауыл тікелей автомагистральмен байланысады, бұл жергілікті тұрғындардың қозғалысын едәуір жеңілдетеді. Қазір Бірлік ауылын аудан орталығымен жалғайтын жолдың құрылысы аяқталуға жақын. Қалған учаскелердегі жұмыс 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс. 

Абат Жанғалиев, Құрманғазы ауданының әкімі:

- Ақкөл, Хиуаз және Орлы ауылішілік жолдары құрылыс жұмыстары аяқталады деп жоспарланған. Оған қосымша бүгінгі таңда Жыланды ауылы және Жұмекен елді мекендерінде ауылішілік жол құрылысы жүргізіліп жатыр. Енді осы аудан орталығында 16,1 шақырымды құрайтын жол құрылысының жобалық сметалық құжаттамасы осы жақын арада сараптамадан шығады.