Астанада Әкім Таразимен қоштасу рәсімі өтті
Бүгін Астана орталық мешітінде қазақтың көрнекті қайраткері, жазушы Әкім Таразимен қоштасу рәсімі өтті.
Жиынға жазушының туған-туыстары мен жақындары, Қазақстан Жазушылар одағының басшылығы мен мүшелері, мемлекеттік қызметкерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Қоштасу рәсімінде Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысының көңіл айту хатын оқыды.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
- Әкім Тарази бүкіл саналы ғұмырын сөз өнеріне арнаған, төл әдебиетіміз бен мәдениетімізді төрге оздырған ұлтымыздың біртуар перзенті еді. Дарынды қаламгер қазақ прозасының көкжиегін кеңейтті, ұлттық кино және драматургия саласына өлшеусіз үлес қосты. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.