Қазақстан-Чехия ынтымақтастығы артады

Қазақстан Чехияға 1 млн тоннадан астам мұнай жеткізді. Осылайша еліміз, чех тарапы үшін «шикі мұнайды ең ірі импорттаушы» бес елдің қатарына еніп отыр.

Бұл туралы үкіметаралық комиссияның 12-ші отырысында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков мәлімдеді. Жиында тараптар арадағы дипломатиялық қарым-қатынасқа, сауда және инвестиция бойынша өсімдерге назар аударды. Екіжақты әріптестікті арттыру үшін  машина жасау, көлік, ақпараттық технология, ауыл шаруашылығы, фармацевтика мен туризм және логистика салаларына ден қою жоспарланып отыр.

Олжас Сапарбеков, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі:

- Қазақстан мен Чехияның тауар айналымы өсіп, 600 миллион долларға жетті. Бұл біз үшін зор жетістік. Қазір отандық нарықта 150 чех компаниясы жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта бірқатар сала бойынша көптеген жобаларды бірлесіп іске асыруға ниеттіміз.