SCAT әуе компаниясына айыппұл салынды
Жолаушыларды тентіретіп қойғаны үшін SCAT әуе компаниясына 4 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Өйткені «Өскемен– Астана» рейсі 8 сағаттан артық кешіккен.
Сонымен қоймай, сапарлаушылар қонақ үйге орналасу орнына, әуежайда әбігерге түскен. Тек кезекші прокурордың араласуынан кейін кешкі сағат 10:00-ге қарай мәселе реттелген. Осылайша, Шығыс Қазақстанның көлік прокуратурасы азаматтардың құқықтарының бұзылғанын айтады. Соған байланысты әуе компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айта кетейік, бұл бірінші жағдай емес. Бұған дейін Алматы әуежайында жолаушылар SCAT әуе рейсін 10 сағаттан артық күтуге мәжбүр болған.