Петропавлда ахуал орталығы ашылды

Петропавлда ахуал орталығы ашылды. Енді прокурорлар құқықбұзушылықты цифрлы технология арқылы анықтайды. Яғни қоғамдық орындарды онлайн бақылап отырады.

Дрон мен адамның бет-әлпетінен жеке тұлғасын анықтайтын жасанды интеллект қолданылады. «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында әзірленген жоба көшеде тәртіп бұзған азаматты бірден тауып береді. «Осылайша құқық бұзушылықтың алдын алады», – дейді прокурорлар.