Мәжіліс депутаттары 100 түп ағаш отырғызды

Мәжіліс депутаттары да елордадағы саябақтардың біріне қарағай шыбықтарын екті.

Депутаттар мұндай іс-шаралар өткізуді дәстүрге айналдырған. Сенбілік барысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ел көлемінде нағыз қоғамдық қозғалысқа айналғанын айтты. «Оның мақсаты – тек аумақтарды тазалау ғана емес, қоғамда таза әрі экологиялық тұрмыс салтын қалыптастыру», - деді Палата спикері. Акцияға елдің барлық өңірі қолдау көрсетті. Сенбіліктерге жастар, зейнеткерлер, қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің қызметкерлері белсенді қатысып жатыр.