Елде 14 мың шетел азаматы еңбек етеді
Елде 14 мың шетел азаматы еңбек етеді екен. Оның 5 мыңға жуығы - Қытай, 1 600-і - Өзбекстан, 1 100-і Үндістан, мыңнан астамы Түркия азаматы.
Оларды дені құрылыста қызмет етеді. Сол секілді ауылшаруашылығы, тау-кен өндірісі, өңдеу өнеркәсібінде қызмет ететіндер көп. Бұл жайлы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Сондай-ақ елде шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 768 жұмыс беруші бар. Ондағы қазақстандықтардың үлесі 96 пайыздан асады. Яғни осынша кәсіпорында 376 мыңнан астам отандасымыз еңбек етеді.
Қытай – 4 885 адам
Өзбекстан – 1 614 адам
Үндістан – 1 150 адам
Түркия – 1 124 адам
Құрылыс – 5 131 адам
Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 695 адам
Тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 351 адам
Өңдеу өнеркәсібі – 1 232 адам