Шерзат ісі: куәгердің сөзі күдік тудырды. Live

Дәл қазір Талдықорғанда Шерзат Полат ісі бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Бүгін куәгерлер көрген-білгенін айтып береді.    Қоғамды дүр сілкіндірген бұл істі Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарап жатыр. Бұған дейінгі эфирде куәгер Эльмира Нұрбекованың сот залында жауап беріп жатырғаны туралы айтқан едік.