СҚО-да бөгетті нығайту жұмыстары жүріп жатыр
Тепличное ауылында бөгетті нығайту жұмыстары қарқынды.
Сүңгуірлер су астына арнаулы пленкалар төсеп, қабақты қапшықпен бекітіп жатыр. Бұл бөгеттің құм қабатын су шайып кетуден қорғайды. Солтүстік Қазақстан обылсындағы Қызылжар ауданында қазір судың деңгейі бірқалыпты. Дегенмен құтқарушылар сақтық шараларын күні-түн күшейтіп, бөгеттерді бақылап отыр.