Бурабайда катамаранды жел айдап әкетті

Бурабайдағы Қотыркөл аумағында тұрған катамаранды жасөспірімдер мініп кетіп, суға кете жаздады.

Түн баласында қызық қуып, су көлігне бесеуі бірдей мінгескенмен жағадан ұзай бере үшеуі суға секіріп кейін жүзген. Ал 11 және 17 жастағы екеуі катамаранда қалып қоған. Олардың бірі жүзе алмайды. Ал катамаран жағадан ұзай берген. Сөйтіп, жағаға жеткендері 112 нөміріне қоңырау шалып көмек сұрайды. Құтқарушылар адасқан екеуін  түн ішінде тепловизоры бар арнаулы ұшқышсыз ұшу құралының көмегімен тапқан. Бұл балардың ата-анасы енді әкімшілік жауапкершілікке тартылады.