Биыл 12 көпсалалы орталық аудандық аурухана ашылады. Live
Елде жыл соңына дейін 200-ге жуық медициналық нысан салынады.
Сондай-ақ ауылға 100-ден аса маман жіберу көзделіп отыр. Мұның бәрі «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылады. Жоспар мінсіз атқарылса, оның игілігі 1 млн тұрғынға тиеді. Алайда кей өңірде кедергілер бар сияқты.