Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шарттары электронды түрде жасалады

Енді тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шарттары электронды нұсқада жасалады, деп хабарлайды 24kz.

Жергілікті атқарушы органдар оларды бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы есепке алуға міндетті. Бүгін Мәжілісте тиісті құжат екінші оқылымда мақұлданды. Осы арқылы заңнаманы қатаңдатып, үлескерлердің мәселесін шешу көзделіп отыр. Депутаттар аз қабатты құрылысты аталған заң аясында қолданысқа енгізуді ұсынды. Сондай-ақ жеке тұрғын үй кешендерін салу кезінде мердігерлер мен уәкілетті компанияларға қатысты бірқатар талап белгіленді.