Бірлік күнін көкшетаулықтар көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды
Бірлік күнін көкшетаулықтар көтеріңкі көңіл-күймен атап өтті.
Жыл сайынғы дәстүр бойынша қаланың қақ ортасындағы «Абылай хан» алаңында түрлі шаралар ұйымдастырылды. Сондай-ақ хореографиялық фестиваль мен оркестор шеруі өтті. Қазір аймақта 100-ден астам ұлт пен ұлыс өкілі тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Мереке қарсаңында өңірдің дамуына да сүбелі үлес қосқан өзге этнос өкілдері түрлі марапатқа ие болды.
Магомед Сукалов, Целиноград аудандық «Достық» орталығының басшысы:
- Шаңырақ мықты болсын. Берекелі болсын. Мына жүрген бала-шаға құтты береке болсын. Маған бәрі айтады қазақ тілін қайдан білесің дейді. Мен 5 жасымда әкемнен, 7 жасымнан шешемнен қалдым. Қазақ ауылында өстім. Өндім. Солармен жеттім.
Нұрзиля Сүйіндікова, Көкшетау қаласының тұрғыны:
- Біз береке бірлікте көп ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір кешіп жатырмыз. Елімізде бейбітшілік жасасын. Ынтымағымыз нығая берсін. Келешегіміз кемел, болашағымыз жарқын болсын.