Қар барысы фототұзаққа түсті
Алтайдың ғажайып табиғаты тағы бір қуанышты жаңалықпен бөлісіп отыр. Бүркітауыл аумағындағы фототұзаққа Қызыл кітапқа енген, сирек кездесетін қар барысы түсіп қалды.
Бұл ерекше сәт Катонқарағай ұлттық паркінің Алтай орманшылығының аумағында, Бүркітауыл мекенінде тіркелді. Фототұзақты орнатқан – ЖҚ жӨБ бастығы Е. Қасымов пен инспектор А. Шакенов.
Табиғатты қорғауға жанашырлықпен қарайтын осындай мамандардың еңбегінің арқасында еліміздің бай биоалуандығы тағы бір мәрте дәлелденіп отыр.
t.me/qazfwc