Алматыда 977 электросамокат жүргізушісі айыппұл арқалады

Жыл басынан бері Алматы қаласының өзінде 977 электросамокат жүргізушісі айыппұл арқалады, деп хабарлайды 24KZ. Көбіне себеп – қауіпсіздік ережесін сақтамай, жаяу жүргіншілерді қағып кету.

Ал былтыр ел бойынша электрлі самокаттардың қатысуымен 44 мыңға жуық жол-көлік апаты болған. Мәжілісмендер заңды күшейту керек деген пікір айтты. Әзірге электросамокат тізгіндеушілерге жаяу жүргінші жолымен қозғалу кезінде жылдамдықты сағатына 6 километрден асырмау туралы талап қана қойылып отыр.