СҚО-да азық-түлік бағасын реттеуге ₸2,8 млрд бөлінді

Солтүстік Қазақстан облысында азық-түлік бағасын реттеуге 2,8 миллиард  теңге бөлінді, деп хабарлайды 24kz.

Оған 13 мың тоннаға жуық өнім сатып алынды. Макарон өнімдері мен көкөністер арнайы қоймаларда сақталып, тұрақтандыру қорының сауда орындарында. Олар қаладағы ірі сауда орталықтары мен үй жанындағы шағын дүкендерде орналасқан. Мамандардың айтуынша, бұл баға саясатын реттеп, азық-түлік қауіпсіздігін сақтауға мүмкіндік береді.

Олеся Жуковень, «Солтүстік» ӘКК» АҚ баспасөз хатшысы:

- Азық-түлік жергілікті тауар өндірушілерден сатып алынады. Тек бізде шығарылмайтын сұйық май, қант, тұз, күріш өзге өңірлерден тасымалданады. Кәсіпкерлермен келісімшарт жасалған. Өнімдер күн сайын сатылымға шығарылады.