Көкшетауда заманауи спорт кешені ашылады
Көкшетауда замануи спорт кешенінің құрылысы басталды, деп хабарлайды 24KZ. Мұнда күрес, бокс, ауыр атлетика, құзға өрмелеу, үстел теннисі, тир, кроссфит секілді спорт түрлерінен жаттығулар өткізіледі.
Сондай-ақ жеңіл атлетикадан да жарыстар ұйымдастырылады. Айта кеткен жөн, Көкше өңірінде жыл соңына дейін 40-тан астам әлеуметтік нысан пайдалануға беріледі. Спорттық кешеннен өзге, өңірде жаңа мектеп, емхана, балабақша және мәдениет нысандары бой көтереді.