6500 майдангердің есімі электронды базаға енгізілді
Ақмола әскери комиссиариатынан 7 мыңнан астам адам майданға аттанған еді. Алайда кейбір жауынгерлер туралы нақты мәлімет жоқ. Биыл боздақтардың есімін анықтау жұмыстары қолға алынды. Жеңіс мейрамы қарсаңында 6500 майдангер туралы мәлімет топтастырылған электронды базаға қосылды.
Ғалым Асқар Советханұлы Ақмола әскери комиссиариатынан соғысқа аттанған жауынгерлерді түгендеп жүр. Бүгінде арнайы ашылған электронды базаға 6500 майдангердің есімі енгізілді. «Дегенмен әлі де атқаратын жұмыс көп», – дейді профессор.
Асқар Макипов, тарих ғылымдарының кандидаты:
- Электронды деректер базасында Ақмола қалалық, аудандық военкоматтан, әскери военкоматтан шақырылған 7 мыңнан астам майдангер, негізгі сондай мәліметтер бар. Бірақ мына қазіргі базасында 6500 есім бар. Ол база қазіргі таңда толық емес. Болашақта ауданды кеңейтіп, Ақмола облысынан шақырылған 80 мыңнан астам жауынгерлерді бар деп, сондай статистика бар. Сол базаға кіргізіп.
Электронды базаның тиімді тұсы әркімге қолжетімді. Ал осы бағыттағы «Ақмола Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында» кітабында Ақмола өңірінің тыныс-тіршілігі, жауынгерлер ерлігі мен тылдағы жанқияр еңбек туралы құнды мәліметтер жинақталған.
Жангелді Бимолдин, Астана қаласы мемлекеттік архивінің директоры:
- Кітаптың ең бір маңызды бөлімі – Ақмолада құрылған дивизиялар. Осы төрт дивизия бойынша барлық мәліметтер келтірілген және бүгін біз көпшіліктің назарына біз құжаттық көрме ретінде де ұсынып отырмыз. Яғни бұл дивизиялардың, Ақмола жалпы аумағы 4 Кеңес Одағаның Батыры шыққан, бір Даңқ каваларі болған және 4 дивизия құрылған ең үлкен аймақ болып есептеледі.
Тілеуғали Қышқашбаев, педагогика ғылымдарының докторы:
- Қазір сайттан көруге болады, өйткені қай уақытта, қай жерден әскерге алынғанын, қай жерден, мысалға, әскерден қайтып келгенін, кім оралмағанын, оралған адамдардың туған-туысқандарын – барлығын сол зерттеп шығардық.
Ғалымдар электронды базаны толықтыру жұмыстарын жалғастыра бермек. Бұл бағытта басқа өңірлердегі архивтермен әріптестік жолға қойылып отыр.
Авторлары: Нұрқанат Қанапия, Ырыстанбек Оспанов