СҚО тұрғындары 10 мың «Жеңіс лентасы» таратылады

Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарына 10 мыңнан астам «Жеңіс лентасы» таратылады, деп хабарлайды 24kz.

Жеңістің 80 жылдығына арналған патриоттық шара Петропавлда басталып, аудан-ауылдарда жалғасады. Жастар ресуртық орталығының мамандары мен еріктілер қаладағы ірі сауда үйіне барып, тұрғындарға ұлттық нақыштағы, нышанды тағып берді. Осылайша, олар мерекенің маңыздылығын айшықтап, жауынгерлердің ерлігіне тағзым етті.

Татьяна Скакунова, қалалық жастар ресурстық орталығының маманы:

- Патритоттық акция сауда үйлерінде, жанар-жағармай құю бекеттері мен қоғамдық орындарда өтеді. Бұл бастаманы тұрғындар жақсы қабылдап жатыр. Тіпті кейбір адамдар алыстан келіп, сұрап алады.