Қостанай облысында биыл егіс науқаны ертерек басталды

Биыл Қостанай өңірінде егістік науқаны әдеттегіден ерте басталды.

Қазір диқандар дән сеуіп, ылғал жауып жатыр.

Жалпы шаруалар 5 миллион 100 мың гектар жерге жазғы дақылдарды егуді жоспарлап отыр. 

Меңдіқара ауданындағы Серік Мұқанов басқаратын шаруашылық иелігіндегі 6,5 мың гектар егістік жердің, 5 мың гектарында ылғал жабу жүргізілді.  Енді бір-екі күнде аяқтаймыз деп отыр. Жерді тырмалап, тегістеп, топырақтағы ылғал қорын сақтап қалу, күн  райын баққан диқандар үшін аса маңызды. 

Аслан Абдуллин, агроном:

- Биыл енді қар аз болды. Соның өзінде бірақ бір метрден артық ылғал бар. Биылға жеткілікті деп ойлаймын. Енді еккеннен кейін көре жатармыз. Жаңбырға қараймыз, көреміз. Әлі де жаңбыр керек. Жаңбыр артық болмайды. 

Бұл аумақта жаппай көктемгі егіс жұмыстары әдетте мамырдың ортасына таман  басталатын. Ал биыл бес-алты күн ерте қамданды. Топырақ температурасы түн мезгілі +13-14 градусқа жеткенде дән себуге кіріседі.  Науқанға дайынбыз –дейді шаруашылық жетекшілері. 

Серік Мұқанов, шаруашылық басшысы:

- Субсидияны кішкене кешіріңкіреп беріп жатыр. Біз алып жатырмыз ақырындап, 5 проценттік кредитті де алдық. Бірақ кешірек алдық. Бірақ вовремя үлгіріп жатырмыз енді. Тұқымда алдық Ресей жақтан, Петропавл жақтан. Пока жақсы деп айтуға болады жағдай. 

Биыл майлы дақылдардың алқабы  10 мың гектарға өсті. Керісінше бидай, бұршақ тұқымдастарының гектары қысқарды.  Оңтүстік аудандарда қазір дән себу жұмыстары жүріп жатыр. 

Кенже Жұмандықов, ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:

- Көктемнің ерте келуімен және ауа райының қолайлы болғанынан, мынау температуралық режим жақсы болып тұрғаннан, мынау топырақта ылғалдың жеткілікті болғанынан егіске биыл біздің ауыл шарауашылығы құрамдары ерте кірісті. Және бүгінгі күнге облыс бойынша 43 мың гектар алқапта егін егілді.

Мамандардың пікірінше, егер ауа райы қолайсыздық тудырмаса, шаруашылықтар көктемгі егісті мамырдың соңына жеткізбей аяқтайды. 

Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг