Риддер жылу орталығына бөлінген қосымша қаржы автоматтандыруға жұмсалады
Риддер жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстарын жалғастыру үшін Үкімет резервінен 1 млрд 682 миллион теңге бөлінеді.
Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Одан бөлек облыстық бюджеттен қосымша 700 миллион теңге жұмсалады. Соңғы екі жылда қаладағы жылу орталығын жаңғырту мақсатында Үкімет резерві мен облыс қазынасынан 15,5 млрд теңге бөлінді. Қазандықтар мен турбиналар қалыпқа келтіріліп, станцияның тозу көрсеткіші 75%-дан 46%-ға дейін төмендеді. Бұдан бөлек 21 шақырымнан аса жылу желісі жөнделді. Қосымша бөлінетін қаржыға қондырғыларды автоматтандыру ісіне жұмсалады.
Нұрлан Рамазанов ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы
- Ол дегеніміз бізде үшінші және алтыншы қазандықтың экрандық жүйесін жөндеу сонымен қатар турбина бөлімінде редукциялық суыту қондырғыларын автоматтандыру. Және өзіндік нужды дейміз станцияның электричество жағынан жөндеу сондай жұмыстар қарастырылған.