Елордада Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болады

Астанада 9 мамыр күні мерекелік отшашу болады. Іс-шара демеушілер есебінен қаржыландырылып отыр. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады.

Қызықты сәтті сағат 22:00-де Ботаникалық бақ пен Атырау көпірі аумағынан тамашалауға болады. Әр жерде отшашу 4 мың рет атылады. Сондай-ақ шаһарда Жеңіске арналған 100-ден астам іс-шара жоспарланған. Оның ішінде концерт пен спектакль, ғылыми конференция мен тәрбие сағаттары өтеді.