Мәжіліс төрағасы Отан қорғаушы күнімен құттықтады
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Отан қорғаушы күнімен құттықтады.
«Еліміздің тұтастығы мен тұрақтылығын сақтау, жеріміздің бүтіндігі мен шекарамыздың беріктігін күзету, Отанымыздың гүлденуі мен өркендеуіне аянбай атсалысу – қастерлі борышымыз. Әлемдік геосаяси ахуал күрделеніп, түбірлі өзгерістер жүріп жатқан қазіргі жаһандық жағдайда мұның өзектілігі тіпті артып отыр. Бұл ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің қорғаныс қабілетін күшейту және әскери қызметкерлерді қолдау қашанда мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала беретінін әрдайым айтып, тұрақты назарында ұстап келеді», – делінген Мәжіліс төрағасының құттықтауында.