Атырау-Астрахань тас жолы жаңартылып жатыр
Атыраудан Астрахан бағытындағы тасжолда жаңғырту жұмыстары басталды.
Республикалық маңызы бар жолдың 272 шақырымы былтыр қолданысқа берілген. Бірақ Атырауға кіреберіс 5 шақырымы жүргізушілер тарапынан сынға ұшырап, шағымдар жиі түсетін. Енді үшінші санаттағы күрежол бірінші санатқа ауыстырылады. Қазір құрылысқа 15 техника мен 25 адам жұмылдырылды. Жұмыстар жыл соғына дейін аяқталады деп жоспарланған.
Алтынбек Бейбітов, жолаушылар көлігі және автожолдар басқармасы бас маманы:
- 616-621 шақырым жолды 3-санаттан 1-санатқа ауыстыру бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Автомобиль жолының ұзындығы 5 км. Ұзындығы 89 метр көпір қарастырылған. Бүгінгі күнде негізгі жолдың қабаты алынып, айналма жол салынуда.