Елордалықтар Жеңістің 80 жылдығын атап өтті

Елордалықтар да Жеңістің 80 жылдық мерейтойын атап өтті, деп хабарлайды 24kz.

«Бейбіт аспан астында» атты Жастар саябағындағы тағзым шарасына 3 мыңнан аса тұрғын қатысты. Оларға арнап арнайы тақырыптық бұрыштар әзірленіп, өскелең ұрпақ өкілдеріне сұрапыл соғыс жайында кеңірек мағлұмат берілді. Батыр бабалардың көзсіз ерлігі насихатталды.

Жастар саябағы аумағының бүгінгі безендірілуі өзгеше. Әр бұрышында жеңіс жалауын желбіреткен батыр бабалардың ерлігі ұлықталған. Арнайы 7 аймақ әзірленіпті. «Естелік қабырғасы» атты бұрышта қан майдандағы шайқасты бейнелеген ескі суреттер мен майдан хаттары көрініс тапқан. Ал, интерактивті алаңда 1940 жылдар стиліндегі фотостенд қойылған. Келушілер жаппай суретке түсіп, мерекенің лебін сезінді.

Блиц 1:

- Міне, мына балалар, немерелерім көрсін деп ертіп келдім. Қаншама тарихи жәдігерлер қойылған. Жақсы бағдарламалар болып жатыр. Неше түрлі ән-күй көрсетіп жатыр.

Блиц 2:

- Әрине, бізге қатты ұнап жатыр. Түрлі концерттік бағдарлама, тарихи жәдігерлер көрсетілген. Рақмет үлкен.

Аталардың суреттерін көрдік, бәрі ұнап жатыр. Жеңіс күні құтты болсын. Бәрі ауырмасын.

Блиц 2:

- Келесі бұрышта келушілер ашық аспан астында отырып тарихи туындыларды тамашалады. Қанды қырғын жайында дайындалған деректі фильмдер көрсетілді. Ерлік көрсеткен батыр бабалардың фотосуреттеріне жасанды интеллект жан бітіріпті. Әдемі үйлесім тапқан алаңды қызықтаушылардың қарасы қалың болды.

Әлия Бұрханова, Астана қаласы әкімдігінің «Мәдени іс-шараларды өткізу дирекциясы» талдау бөлімінің басшысы:

- Бұл жақта 24 метрлік естелік бекеті бар. Бұл Ақмола облысындағы Кеңес Одағының 45 батырларын жинап, ақпарат қойдық ЛЭД экранда. Жастар саябағында бүкіл саябақты қолдандық. Үлкен сахна, оның өзінің стилі бар.

Батырлар ерлігі мен кешегі тарих жаңғырған думан жалғасы концерттік бағдарламаға ұласты. Өнерпаздар Жеңіс күніне арналған әндерді шырқап, келушілерді бір серпілтіп тастады.

Авторлары: Кәмшат Мұхамеджан, Марат Диханбаев