ШҚО-да тиімсіз су қоймалары есептен шығарылады

Шығыс Қазақстан облысында тозығы жетіп, жарамсыз болып қалған 4 платина есептен шығарылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің айтуынша, бұл нысандарға ондаған жыл бойы су жиналмаған. Ең қызығы, пайдаланылмаса да құрылғыларды жөндеуге тұрақты қаржы бөлініп келген. Сала өкілдерінің мәліметінше, су нысандарын жаңғырту  тиімсіз. Сондықтан төртеуі де қолданыстан алынады. Оның орнына  өңірдегі 90 дамбаны жөндеу маңызды -дейді  мамандар. Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қажетті су нысандарының жұмысын реттеу мақсатында, 24 гидроқұрылғы аудандық теңгерімнен шығарылып, облыс қарамағына беріледі.

Ернар Мәдиев, Ертіс бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары:

- Аудандық теңгерімнен шығарудың өз себебі бар. Өйткені ол жақта сол платинаға қарап оның жұмысын реттеп отырған арнайы маман тапшы. Көктемде қанша су келді,қанша су кетті оны есептеп отырған да адам жоқ. Сондықтан облыс қарамағана өткізіп, қолға алған дұрыс деп ойлаймыз.