Алматы облысында жол апаты көбейіп кетті
Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 55 пайызға өскен.
Салдарынан 700 жолаушы жарақат алып, 28 адам көз жұмды. Оның бесеуі бала. Жол-көлік оқиғаларының себеп-салдарын анықтап, алдын алу мақсатында Бас прокурордың тапсырмасымен ведомствоаралық комиссия құрылды. Құрамында прокуратура, полиция және өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері бар. Мамандар бақылауды күшейтті. Ал полиция департаменті тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында интерактивті карта әзірледі. Жүргізушілер оның көмегімен қауіпті жол учаскелері туралы ақпарат ала алады.
Олжас Жұмабаев, Құқықтық статистика және есепке алу жөніндегі комитеттің Алматы облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы:
- Интерактивті картаны QR-код арқылы кіріп, пайдалануға болады. Онда өңірдегі қауіпті жол бөліктері туралы толық ақпарат орналастырылған. Ол жүргізушілермен қоса жаяу жүргіншілер үшін де өте пайдалы. Жол-көлік оғиғасы жиілеуінің тағы бір себебі – көшелердің жарықтандырылмауы. Қазір өңірімізде бағдаршам орнату, жаяу жүргіншілер жолы мен жолақтарды бояу жұмыстары қызу жүріп жатыр.