Сенат төрағасы Ұлттық ғарыш орталығының қызметімен танысты
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бір топ депутатпен бірге Ұлттық ғарыш орталығынның жұмысымен танысты, деп хабарлайды 24kz.
Кездесуде саланы дамытуға арналған жобаларды іске асыру барысы талқыланды. Сенат төрағасы ғарыш саласындағы жұмысты жетілдіру үшін кадр тапшылығын реттеп, жобаларды коммерцияландырудың маңызды екенін атап өтті. Өз кезегінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев сенаторларға осы саланы ілгерілету мақсатымен қолға алынған жұмыстар жөнінде баяндады. Кездесуде Жерді қашықтықтан зондтаудың және спутниктік байланыс пен хабар таратудың ғарыштық жүйесіне қатысты мәселелер сөз болды. Сонымен қатар спутникті сынауға арналған ғарыш аппараттарын шығаратын өндірістің таныстырылымы өтті.