Павлодар облысында 50 мың га алқап шегірткеге қарсы өңделеді
Павлодар облысында 50 мың гектар алқап шегірткеге қарсы өңделеді, деп хабарлайды 24KZ. «Биыл өңірде қыс жайлы болды. Бұл зиянкестердің көбеюіне қолайлы», – дейді мамандар. Әрі шегірткелер көрші облыстардан да ұшып келуі мүмкін деп отыр.
Ертіс, Ақтоғай, Железин, Баянауыл ауданы және Екібастұз қаласына қарайтын елді мекендердің аумағында улау жұмыстары жүргізілді. 19 мың гектар алқапта ұялы шегірткелер жойылса, 28 мың гектардан астам алқап саяқ шегірткелерге қарсы өңделеді. Бұл жұмыстар мамырдың 20-нан кейін басталады.
Асылтас Құсайынов, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының өсімдік шаруашылығын дамыту бөлімінің бас маманы:
- Ағымдағы жылы Павлодар облысында шегірткелерге қарсы өңдеу жұмыстары жоспарланып отыр. Мердігер ұйым анықталды. Қажетті препараттар сатып алынды. Республикалық фитосанитария және болжамдар орталығы зерттеу жүргізіп, өңделетін көлем анықталды және де облыстық бюджеттен бұл мақсатқа облысымыздан 49 миллион теңге қаражат бөлінді.