Шерзат ісі: күдікті 4 рет істі болған. LIVE
Шерзат Полаттың қазасына қатысты сотталушы Азамат Тоқтаубаев бұрын төрт рет істі болған. Бұл туралы Талдықорғанда өтіп жатқан бүгінгі сот отырысында белгілі болды.
Шыңғыс Қалиден, тілші:
- Қайғылы жағдай болған кезде күдікті Азамат Тоқтаубаев тергеу сотының қаулысымен үйқамақта жүруі тиіс болған екен. Алайда ол заңды бұзып түнде демалыс орнына барған. Сотталушыға 2017, 2018, 2022, 2024 жылы іс қозғалғаны белгілі болды. Соңғысында қасақана денсаулыққа зиян келтіру, 106-бап бойынша жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Ол өзіне тағылған «ұрлық» және «бұзақылық» бабымен ішінара келіспейтінін айтты. Бұдан кейін кәмелет жасына толмаған күдікті болған жайды баяндады. Ол оқиға орнына Нұрбол Тоқтаубаевтың көлігін тізгіндеп келген екен. Қаржаубаймен сөйлескеннен кейін көлікте отырғанын, Абзалдың пышақты сүртіп жатқанын көргенін жеткізді.
Жәбірленуші тараптың адвокаты оған кешірім берілетінін айтты. Содан кейін Дидар Қалиахмет сұралды. Ол дайын еместігін алға тартып, жауап беруден бас тартты. Оның орнына Нұрқияс Ілиясов куәлік етті. Сотталушы өзін Шерзаттың ұрғанын, Нұрғанаттың қолынан мылтықты тартып алғанын мәлімдеп, оқиға жайлы өзінің нұсқасын баяндады.