Атырауда 14 шақырым жылу құбыры жаңартылады

Биыл Атырауда 14 шақырымнан астам жылу құбыры ауыстырылады.

Бұл жұмысқа 1 млрд 434 млн теңге қаражат бөлінді. Қазір мердігер компания жұмысына кірісіп кетті. Бүгінде облыс орталығындағы 426 шақырымға созылған жылу жүйесінің 68 пайызы тозып тұр.

«Лесхоз» орталық жылу станциясы маңайында қарбалас қызған. Орталық- осы ықшам аудандағы 42 көп қабатты үй мен 3 әлеуемттік нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Мекеме жұмысшылары ескі жылу құбырларын жаңасына ауыстыруға кірісті. Былтыр осы Лесхозда 300 метр жылу жүйесі жаңғыртылған болатын. 

Забир Кенбаев, учаске басшысы:

- Тұрбаның диамтерін көбейтіп жатырмыз 219-дан 273 ке дейін. Биыл қалған 200 метрді осы теплопунктке дейін ауыстырып жатырмыз. Сосын 18-ден 31 үйге дейін пластик тұрба жүргізіп жатырмыз темір тұрбаны пластикке ауыстырып жатырмыз. 

Бүгінде қала бойынша 4 учаскеде жұмыс басталды. Олар Жайық өзенінің оң жағалауындағы 4,5 шақырым жылу құбырды жаңасын алмастыра бастады. Былтыр қала бойынша 18 шақырым жылу жүйесі қалпына келтірілген еді. Облыс орталығындағы 426 шақырым жылу жүйесінің 68 пайызы тозған. Темір құбырлар карозияның әсерінен мерзімінен бұрын тозған, дейді мамандар.

Жұмахмет Елемесов, «Атырау жылу жүйелері» АҚ-ның тете-президенті:

- Біздер 68 процент тозығы жеткеннен 64.2 ге түсірдік. Енді биылғы жылға жоспарлап отырғанымыз 12,7 км күрделі жөндеу құбырлар ауыстырмыз және 2 км дей біздер инвестпрограмма бойынша құбыр ауыстырамыз. Сонда 1,5-2 пайызға тозуды азайтамыз. Атыраудың жерасты суларының деңгейі өте жоғары және жер тұзды Сондықтан біздің темір тұрбаларымыз уақытынан бұрын тозығы жетеді.

«Атырау жылу жүйелері» компаниясы 2025-2029 жылдарға арналған "Энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында жұмыс жоспарын жасады. Жоба қазір Энергетика министрлігінің қарауында жатыр. Жұмыс толық аяқталғанда Жылу орталығынан шығатын диаметрі 530 мм-лік құбырлар кеңейтіліп, 820 мм-ге жеткізіледі. Сонда құбырлардың тозу көрсеткішін 40 пайызға дейін төмендейді. 

Арыстанбек Кенже, Амантай Мәтенов, Жандос Рахметуллин