Атырау облысында өткен ғасырда қолданылған фотоаппараттарды сақтаған фототілші тұрады
Атырау облысындағы Жасқайрат ауылында өткен ғасырдың 70-80 жылдары қолданыста болған фотоаппараттарды сақтаған фототілші тұрады.
Амантай Сарбұқиев 1973 жылдан сурет шығарумен айналысып келеді. Мектеп қабырғасында жүргенде ермек үшін басталған кәсіп кейін мамандығына айналды. Ол 13 жыл бойы Қызылқоға аудандық газетінде фототілші болды. Зейнеткердің қолында сол замандағы аса сапалы «ФЭД-3», «Фэ-Ка-Пэ» аппараттары әлі күнге істеп тұр.
Амантай Сарбұқиев, ардагер фототілші:
- Кезінде таптырмайтын өнер, іс болды. Газеттерге фототілші болдық. «Коммунизм туы» газет болды сол кезде түрлі жерді аралап, суретке түсіріп, сұқбат алдық. Қазіргі жастар көбі білмейді мұны. Бұл не нәрсе деп сұрайды көбі. Бұл аппараттар естелік, мұражайда тұратын болар енді. Басқа қолданысқа келмейді-ау деп ойлаймын. Өйткені қазір заманауи құрылғылар шығуда. Бұлар енді қазір жәдігер боп қалады біздің кезде құнды болғанымен.