Қазақстанның танымал спортшылары саябақта жаттығу өткізді
Еліміздің белгілі спортшылары Алматыдағы 28 панфиловшылар атындағы саябақта жаттығу өткізді, деп хабарлайды 24kz.
«Amanat» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты ұйытқы болған іс-шараға Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов, аралас жекпе-жек шебері Арман Оспанов, джиу-джитсудан әлем чемпионы Альберт Алдияров, UFC жүлдегері Асу Алмабаев қатысты. Ашық аспан астындағы бұқаралық жаттығу «Чемпиондық рух» атты жоба шеңберінде ұйымдастырылды. Спорт саңлақтары жүргізген жаттығуға 200-ден астам адам жиылды. «Алматыда бастау алған жоба өзге өңірлерде де жалғасын таппақ», - дейді ұйымдастырушылар.
Ақерке Искандерова, «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы:
- Бұл жобаның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап және де физикалық күшті дұрыс бағытта пайдалануды үйретуге бағытталған. Алматы қаласында ашық жаттығу ретінде өтсе, басқа облыстарда басқа форматтарда қолданылатын болады. Бүгін Олимпиада жүлдегерлері, түрлі спорттағы жұлдыздарымыз қатысып жатыр. Басқа облыстарда чемпиондармен кездесулер өтсе, сондай түрлі форматтарды қолданатын боламыз.