Студенттерге еңбек ардагерінің өмір жолы туралы фильм көрсетілді

«Еңбектің наны тәтті».

Осындай атаумен түркістандық студенттерге қысқа метражды фильм көрсетілді. Кинотуындыда еңбек жолын қарапайым электромеханиктен бастап, Мақтаарал аудандық кәсіптік колледждің директорына дейін өскен, еңбек ардагері Құдайберген Молдабековтің өмір жолы баяндалды. Қария кәсіптің жаманы жоқ екенін, жүрек қалауымен жасалған жұмыстың абыройы биік, наны тәтті болатынын жастарға айтады. Жалпы Түркістан облысында 50 техникалық-кәсіптік білім беру колледжі бар. Онда 45 мыңнан астам бала оқиды. Оның ішінде 43 колледж жұмысшы мамандарын даярлайды.

Бақыт Шалқар, студент:

- Фильмнен алған әсеріміз, ардагердің жас кезінен бастап өзінің еңбекке құштарлығын көрдік. Оқып, адал еңбегімен жұмыс істегенін білдік, бізде осы атамыз сияқты алға қойған мақсатымыз бар. 

Рысалды Оңғарқызы, білім басқармасының бас маманы: 

- Әрбір колледж өздерінің жұмысшы мамандарын осылай дәріптеп жатыр. Жұмысшы мамандар кімдер? Олар қалай қызмет етеді? Олардың еңбегі немен өтеледі деген сияқты сұрақтар қоғамда көп. Осыны жастардың бойына сіңіру мақсатында осыдай қысқа метражды фильмдер түсіріліп, көрсетіліп жатыр.