Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру шаралары пысықталып жатыр
Алматыда оқушылар үшін жазғы лагерьлерді ұйымдастыратын компаниялар әлі анықталмай отыр.
Тендерлік конурсқа қатысуға бес компания өтініш білдірген. Алайда ешқайсысы техникалық талапқа сай болмай шықты. Бұл туралы қалалық Қоғамдық кеңес отырысында айтылды. Дегенмен, Білім басқармасының өкілдері өтініш берген барлық оқушы жаз бойы демалыспен толық қамтылатынын мәлімдеді. Биыл әкімдік 280 мыңнан астам баланы тегін лагерьлерге жіберуді жоспарлап отыр. Енді Қоғамдық кеңестің мониторингтік топтары лагерьлерге тексеріс жүргізіп, анықталған мәселелер бойынша ұсыныстарын жауапты басқармаға жолдайды.
Мұхтар Тәжібаев, қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары:
- Қоғамдық кеңеспен, депутаттармен бірігіп сол мәселенің шешілу жолын іздестірдік. Негізі мен жаңа айтқан 150 шақырым жерде 12 лагерь бар. Алматы облысында орналасқан. Солардың негізі талапқа жататыны бар. Бірақ әр жағдаймен СЭС заключениесін ала алмай қалған. Сол себептен 1 аптадай уақыт бар. Барлығын орнына келтіреміз.