Астанада LRT-ның алғашқы вагондары рельске қойылды
Ол әуежай аумағындағы станцияға орнатылды, деп хабарлайды 24kz.
Әзірге жеңіл рельсті көліктің екі данасы әкелінген. Әрбір құрам төрт вагоннан тұрады. Ұзындығы 60 метрге жуық, толықтай автоматтандырылған GOA 4 жүйесімен жабдықталған. Вагондар Қытайдың Таншань қаласында жасалған. Жеткізу мерзімі – 10 күн. «Олар арнайы жабдықталған автотрайлерлермен жеткізілді», - деп хабарлайды қалалық көлік жүйесі. Қала әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, ЛРТ-ны сынақ режимінде жыл соңында іске қосу жоспарланып отыр.