ШҚО-дағы жазғы лагерьлерде оқушыларға қауіпсіздік сабақтары өтті
Шығыс Қазақстан облысының дәрігерлері мен құтқарушылары балаларды алғашқы медициналық көмек көрсетуге баулып жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Оқу-жаттығу жазғы сауықтыру лагерлерінде өткізілді. Жеткіншектерге орманды алқаптағы қауіпсіздік талаптары түсіндірілді. Жараланған жерді таңу, жасанды тыныс алу, тұтанған отты өшіру, қызыл жалын шарпыған аймақтан шығу тәсілдері көрсетілді. Апат кезіндегі іс-әрекеттер интерактивті ойын түрінде үйретілді. Оқушылар қызметтік иттермен жүргізілетін іздестіру шараларын да тамашалады.
Айсара Жеңісбекқызы, «Дарын» білім беру басқармасының әдіскері:
- Бізге осындай іс шаралар өте қажет. Балалар алғашқы көмек көрсету кезінде өзін дұрыс ұстай білу керек. Көп білмейтін балалар бар. Ата-аналар үйретпейді. Бұны біз үйрету керекпіз. Төтенше жағдай қызметкерлері үйрету керек деп ойлаймыз. Балалар үлкен өмірге аяқ басу үшін осындай үлкен шаралар қажет.
Мирас Нұрмахан, оқушы:
-Маған бүгін Хит атты ит ұнады. Ол өзінің тәжірбиесімен одан кейін төрт аяқты болса да, бірақ адамдардан көп пайда тигізетінін көрдім. Ол жоғалған адамдарды немесе судың ортасында қалған адамдарды құтқарады.