Президент тапсырмасымен 2027 жылға дейін 3781 ауыл интернетпен қамтылады

Алдағы он жылда қосымша 26 ГВт-тан астам энергия өндіруді көздейтін генерацияны дамыту бойынша кешенді бағдарлама жүзеге асып жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Бұл туралы Үкіметте өткен энергетикалық және ақпараттық-коммуникациялық жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне қатысты кеңесте Энергетика министрі баяндады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес негізгі энергетикалық жобаларды жүзеге асыру – экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық міндет», - деді Премьер-министр. Жиында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ауылдық жерлерді сапалы интернетпен қамту жұмыстары жайлы баяндады. Шыны-талшықты байланыс желілерін тарту жобасы аясында 2027 жылдың соңына дейін 3700-ден астам ауыл интернетке қосылады. Кеңес қорытындысы бойынша Үкімет басшысы тиісті мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді.