Қызылордалық прокурорлар цифрлық жүйеге ден қоя бастады

Қызылордалық прокурорлар жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу үшін цифрлық технологияның тиімділігін көре бастады.

 «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында жасанды интеллект негізіндегі жобалар жүзеге асырылып жатыр. Жаңа жүйе балалардың құқын қорғауға бағытталған. Мамандар бұл тәсіл құқық бұзушылықты азайтуға оң әсер етеді деп отыр.

Бала өміріне қатер төнген жағдайда Telegram мессенджіндегі арнайы чат-бот таптырмас жүйе саналады. «Urpaq» деп аталатын бағдарлама Бас прокуратураның бастамасымен қолға алынды. Ол ақпаратты фото, аудио, видео және құжат түрінде қабылдай алады.

Әділ Есқараев, облыс прокурорының аға көмекшісі:

- Жоба аясында кәмелетке толмағандар білім беру ұйымдарында, әлеуметтік желіде, мобильді чаттарда жәбірлеу фактілерін жедел хабарлайтын телеграмм мессенжінде «Ұрпақ» бот жұмыс жасайды. Аталағна ботқа, аталған мобильді қосымшаға бүгінгі күні 30-дан астам хабарлама түсіп, олар бойынша тиісті шаралар қабылданды. 

Прокурорлар жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттыруға да басымдық беріп отыр. Лудомания, нашақорлық пен буллингке қарсы тұру өзекті мәселеге айналды. Түйіткілдің түйінін тарқату үшін «Adal Bala» жобасы әзірленіп жатыр.

Ризабек Ожаров, облыс прокуроры:

- Адал баланың негізгі мақсаты профилактикалық шаралар қолдану, жастардың арасында қосымша арқылы түсіндіреміз. Егер буллинг фактілер орын алып жатса, қандай оның әрекеттері болу керек, тәрбие сұрақтарын кеңірек түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады оның ішінде.  

Жобаның мақсаты - кәмелетке толмағандарға қатысты және олардың қатысуымен жасалатын қылмыстарды азайту. 

Нұрлан Жақыпбеков, Нұржан Мұзарапшин, Айтмұхамбат Байділдаев