Ұлттық домбыра күнінде дүниеге келген сәбилерге аспап тарту етілді

Қарағанды облысында Ұлттық домбыра күнінде дүниеге келген сәбилерге қазақтың қасиетті музыка аспабы сыйға тартылды. Өңірдегі перинаталдық орталықтарға ерекше сыйлықпен этномәдени бірлестіктердің және Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар мен Ақсақалдар кеңесінің өкілдері келді.

Игі шара этносаралық келісімді нығайту, отбасы институтын қолдау және мәдени мұраны сақтауға бағытталған. «Бұл халқымыздың рухани құндылықтарын ұлықтаудың жарқын көрінісі», – дейді ассамблея мүшелері.